Контрабандалық тауарды заңсыз рәсімдеген кеденшілер сотқа тартылды

53

0

Контрабандалық тауарды заңсыз рәсімдеген кеденшілер сотқа тартылды Қызылордалық кеденшілер Түркиядан контрабандалық жолмен келген тауарды рәсімдеп берген, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл былықтардың бетін облыс прокурорлары ашты. Кеден қызметкерлері салмағы 269 келі тартатын ағаш өңдеу білдегінің иесін анықтай алмай, жалған құжаттар арқылы өзге адамның атына рәсімдеген. Нәтижесінде қызылордалық және оңтүстікқазақстандық 2 азамат әкімшілік құқықбұзушылық бойынша жауапқа тартылып, сот үкімімен 64 мың теңге айыппұл төлеген. Қазірде аймақтың арнайы прокурорлары декларация толтыру заңдылығын өрескел бұзып, жазықсыз азаматтарды айыпқа тартқан кеденшілер ісін қарауда. 
Арнайы прокурорлар басқармасының басшысы Жалғас Асқаров: «Кедендік бақылау комитетінің қызметкерлері үстінен ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігінің қызметтік бабын теріс пайдалану, қызметтік жалғандық 314-бабы және 348-баптағы әкімшілік құқықбұзушылық туралы дәлелдемелерді бұрмалау деген баптармен қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі таңда кінәлі адамдар анықталды. Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне аталған баптармен айып тағылып, қазір іс аяқталу сатысында», – деді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз