
«Қазір біз мұнай шығару көлемінің және жаңа технологиялар енгізудің төмендеу кезеңін бақылаудамыз. Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына қатысты жергілікті тауарлар үлесін арттыру экономиканы дамытудың бір басымдығы болып табылады, – деді Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов. – Бұның қаншалықты маңызды екенін көру үшін кейбір сандарды салыстырса жеткілікті. Мәселен, 2011-2013 жылдары облыстың жер қойнауын пайдаланушылары сатып алуларының көлемі 835,7 млрд теңгені құрады. Ал облыстың мемлекеттік сатып алулар көлемі осы кезеңде174 млрд теңгені құрады».
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!