Кәрібөгет көпірі қайта жаңғыртылып жатыр

54

0

Кәрібөгет көпірі қайта жаңғыртылып жатырҮстіміздегі жылдың сәуір
айында орын алған төтенше жағдай «Арал – Аманөткел – Бөген – Қаратерең»
аудандық маңыздағы автомобиль жолының 111 шақырымында орналасқан «Кәрібөгет»
көпірінің шығыс жақ ернегін су шаю салдарынан плита тастары құлап, бірнеше
тіреулеріне зақым келген болатын. Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың шұғыл тапсырмасына
сәйкес бөгет құрылысының жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге облыстық төтенше
жағдайлар резервінен қаржы бөлінді.

Апаттық жағдайдағы көпірдің құрылысымен танысу үшін аудан әкімі Абзал
Мұхимов «Кәрі бөгетке» келіп, мердігер «Арал құрылысы» ЖШС-нің тиісті
тапсырманы орындау барысын бақылады. Бір жарым ай көлемінде бұл автожол жабық
болады. Ендігі кезекте Сыр жақ беттегі халық уақытша жол қатынасында Қамыстыбас
көлі мен Қызылжар ауылы арқылы қатынайды. Аудан әкімі құрылыстың аз уақытта
аяқталатынын алға тартып, халықты сабыр етуге шақырды.

Аудандағы сапарында өңір басшысы А.Мұхимов қаладағы жеке кәсіпкер
Б.Жәндәулетовтың «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» бағытында салынған ғимаратына
аялдады. Аталмыш нысан аудандық туризмнің дамуына тигізер пайдасы көп. Себебі,
мұнда 70 адамға арналған асхана, қонақ үй, повильон дүкені, көлік жуу орталығы,
май құю бекеті орналасқан. Қазан айының аяғында ашылуы межеленген нысан иесіне
аудан әкімі кәсібіне табыс, туризмге оң ықпал танытатын ғимарат жұмысына өрлеу
тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз