«Кристалл менеджмент» АҚ нысанындағы өрт-тактикалық оқу-жаттығу

87

0

«Кристалл менеджмент» АҚ нысанындағы өрт-тактикалық оқу-жаттығу2017 жылғы 27 наурызда «Өрт сөндіруші» АҚ Қызылорда облысы   филиалының №25 өрт сөндіру авриялық-құтқару бөлімі (ӨСАҚБ) жұмыскерлерінің күшімен «Ақшабұлақ» кен орнында орналасқан «Кристалл менеджмент» АҚ күзететін нысанда өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығудың мақсаты – нысандағы өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік даярлығын жоғары деңгейге көтеру, дер кезінде шартты өртті анықтау оны сөндіру және зардап шегуі мүмкін адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету болды.
Оқу-жаттығуға № 25 ӨСАҚБ күштері мен құралдары, жеке құрамнан 10 адам және өрт сөндіру автоцистернасының 1 техникасы, жедел-жәрдем көлігі және «Кристалл менеджмент» АҚ қызметкерлері жұмылдырылды.
Оқу-жаттығудың ойластырылуы бойынша шартты өрт қоймада орын алды. Қойма жұмыскері қоймада орын алған өртті анықтап, жедел түрде кезекші операторға хабарлады, ол өз кезегінде өрт туралы ақпаратты № 25 ӨСАҚБ және нысанның басшыларына хабарлады.
Шақырту түскеннен кейін өрт орнына күштер мен құралдар шоғырландырылып, жауынгерлік ұстаным бойынша оларды орналастыру жүргізілді. Өртті сөндірудің бірінші жетекшісі жағдайды бағалап, жоғары дәрежелі шақыру екендігін растады.
Жеке құрамның күшімен жұмыскерлерді эвакуациялау жүргізілді, өрттің нәтижесінен зардап шеккендерді түтінге оранған орыннан таза ауаға шығарып, оларға медициналық қызметтің мамандары алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша нысанның ТЖ жөніндегі үйлестірушісі «Барлық қызметтердің жеке құрамының іс-әрекеттерінің нәтижесінде қойылған міндет орындалды!» – деп баға берді және барлығына жақсы жұмыс үшін алғыс білдірді.
«Өрт сөндіруші» АҚ Қызылорда облысы   филиалы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз