Көркем сөз оқудан сайысқа түсті

48

0

Көркем сөз оқудан сайысқа түстіҚазалы. Ауданда Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өткізілді. 
Онда 16-20 жас аралығындағы 20-ға жуық талапкер бақ сынады. Байқау шарты бойынша әрбір талапкер проза, драма, поэзиядан үзінділер келтірсе, қазылар алқасы олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, сахналық киім сәніне баса назар аударды. Нәтижесінде №249 мектеп-лицейдің оқушысы Бауыржан Нұрмағанбет бас жүлдені иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды. Одан кейінгі орындарды №90 мектептің оқушысы Тоқтар Естенқұлов, №25 мектеп оқушысы Нұргүл Жәниет, №70 мектептің оқушысы Аида Ұлықпаш өзара бөлісті. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз