Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті

68

0

 Кеше Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.

Байқауға департаменттің санитар-дәрігері, әділет лейтенанты С.Мырзаханова, ЗК-169/1 мекемесінен Б.Әбдірашитұлы, Г.Шегебай, ЗК-169/4 мекемесінен И.Жаңбыршиева қатысты. Үміткерлер 1-кезеңде Оралхан Бөкейдің прозалық шығармаларынан үзінділер оқыды. И.Жаңбыршиева жазушының «Атау кере» шығармасын оқығанда қазылар тәнті болды. 2-кезеңде қатысушылар поэзиялық шығармаларды орындаудағы шеберліктерін көрсетті.

Қазылар қатысушылардың шығарманы таңдау талғамына, мәтінді оқу шеберлігіне ерекше ден қойды. Байқау қорытындысымен И.Жаңбыршиева  жеңімпаз атанып, департамент бастығының грамотасымен марапатталды. Сөйтіп, ол облыстық байқауға жолдама алды.

Дана ДОСТАНОВА,

департаменттің мемлекеттік тілде іс жүргізушісі.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз