Көркемсөз шеберлері

68

0

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Пушкин оқулары» байқауы өтті.
Байқауға Қызылорда қаласынан және Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында өткен байқау жеңімпаздары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 14-22 жас аралығындағы 21 талапкер қатысты. Сарапшылар үміткерлердің өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, көркем мәтінді таңдау талғамына, сахналық және оқу шеберлігіне назар аударды.
Байқау қорытындысы бойынша Байқоңыр қаласындағы №274 орта мектептің 10 сынып оқушысы Икрам Жалғасов 1 орынды жеңіп алса, Қармақшы ауданынан Гүлжазира Әбдіғаппарова 2 орынды, Қызылорда қаласындағы №264 мектеп-лицейінен Аружан Қарасай 3 орынды жеңіп алды. Ал қаладағы №267 орта мектептен Жанна Жұмаханова, қазалылық №249 мектептен Қазына Ақынтай және М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің 2 курс студенті Аружан Нағашыбаева ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Байқау жеңімпаздары басқарманың дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталды.

Ш.АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз