Кәрім Мәсімов Қызылорда облысына келді

45

0

Кәрім Мәсімов Қызылорда облысына келдіҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қызылорда облысына жұмыс сапары
барысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысатын болады,
деп хабарлайды BNews.kz.
    Бүгін Премьер-министр Қызылорда облысына келді. Ол туралы өзінің
твиттер-аккаунтында: «Крайний» әуежайына келіп жеттім. Бүгін
басқарылатын ғарыш кемесі сәтті ұшырылды» деп жазды.
    Премьер-министрдің жұмыс сапары «Крайний» әуежайынан басталды.
Бүгін мұнда «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жаңа сериядағы «Союз МС»
басқарылатын алғашқы тасымалдаушы ғарыш кемесі ұшырылды, деп жазды
pm.kz.
    «Союз МС» ғарыш кемесінің бортында экипаж мүшелері – ресейлік
Анатолий Иванишин, жапон ғарышкері Такуя Ониши және НАСА ғарышкері
Кэтлин Рубинс бар.
    Ғарыш кемесі станциямен 9 шілде күні түйіседі.
    Естеріңізге сала кетейік, еліміздің Премьер-министрі өзінің жұмыс
сапары аясында Байқоңыр қаласы және оның төңірегіндегі елді мекендерді
аралайды. Үкімет басшысы аталған қаланың және елді мекендердің даму
жоспарларымен танысып, орта мектепке, балаларды оқыту-сауықтыру
орталығына барып, Жақсықылыш кентінің тұрғындарымен кездеседі.
    Сондай-ақ Кәрім Мәсімов суармалы жерлердің сушаруашылығы
инфрақұрылымын қайта қалпына келтіру жөнінде республикалық кеңес
өткізеді. Сонымен қатар Арал, аймақтағы АӨК, ШОБ және басқа да өзекті
мәселелер талқыланады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз