Кәріс жұлдыздары жұп құрды

165

0

Әлемге танымал кәріс актрисасы Сон Хе Ге әріптесі Сон Чжун Киге тұрмысқа шықты. Олардың үйлену тойы кеше, 31 қазан күні өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА актердің Instagram парақшасына сілтеме жасай отырып.

Биыл 36-ға толған Сон Хе Ге мен дорамадағы әріптесі 32 жастағы Сон Чжун Ки тойларын жақын туыстары мен достары арасында атап өтті.

Айта кетейік, кәріс актерлері Сон Чжун Ки және Соң Хе Ге «Күн ұрпақтары» телехикаясында бірге ойнап, махаббаттары сол жобадан кейін өрбіген. Бұған дейін екі актердің шын өмірде де кездесіп жүргендері жайлы түрлі қауесет шыққан болатын.

Еске салайық, Сон Хе Ге өнер жолын 1996 жылы «Бақытты күн» телехикасына түсу арқылы бастаған еді. Ол «Жүрегімде қалған күз» сериалынан кейін танымалдылыққа ие болды. Сонымен қатар, Кореяда ғана емес, Азияның көптеген елдерінде көрсетілген «Нар тәуекел» («All In»), «Ва-банк», «Ыстық ұя» телехикаяларында басты рөлді сомдап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз