Күріш тұқымын жақсартуға жүйелі жұмыс бар

134

0

Биыл көктемгі егіс науқанында облыс бойынша 23355 тонна күріш тұқымы себілді, деп хабарлайды облыстық ауылшаруашылық басқармасы.   

Басқарма есебінше құйылған күріш тұқымының 9,6 тоннасы (0,04%) көбейтілген тұқым, 68,8 тоннасы (0,3%) супер элита, 848,1 тоннасы (3,6%) элита, 8308,5 тоннасы (35,6%) І репродукциялы тұқым, 9746 тоннасы (41.7%) ІІ репродукциялы тұқым, 3024 тоннасы (12,9%) ІІІ репродукциялы тұқым, 1300 тоннасы (5,5%) ІV репродукциялы, 50 тоннасы (0,1%) қатардағы тұқым болып отыр.    

Тұқым шаруашылықтарының беріп отырған мәліметтеріне сәйкес    
2017 жылдың егісіне  дайындалған  жоғары репродукциялы 19 мың тонна күріш тұқымы бар, оның 6495 тоннасы шаруашылықтарға сатылды. 
Сонымен қатар биыл сорт жаңарту, сорт алмастыру мақсатында Ресейдің Краснодар өлкесінен жоспарланған 300 тонна элиталық күріш тұқымының 134 тоннасы «Агро Холдинг Байқоңыр» ЖШС-не жеткізілді.    
«Казагрэкс» сараптамалық зертханасының мәліметі бойынша  ақ егіске дайындалған тұқымдардың ішінде күздік бидай тұқымы түгел кондицияға жеткізіліп себілген. Жаздық бидай тұқымы 684,3 тонна (100%), арпа тұқымы 218,4 тонна (100%), сұлы тұқымы 10,2 тонна (100%), жүгері тұқымы 2,6 тонна (100%), жоңышқа тұқымы 140,7 тонна (100%), түйе жоңышқа тұқымы 4,9 тонна (100%), мақсары тұқымы 108,72 тонна (100%) себу дәрежесіне жеткізілді. Қазіргі таңда шаруашылықтар бойынша себу дәрежесіне жеткізілмеген күріш дақылы тұқымын тазалау жұмыстары жүргізілуде.    
Тұқымдық және көшеттік материалдың сорттық және себу сапасын анықтау мақсатында 4 930 416 теңге игеріліп, 2424 мәрте зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз