Кірісті көбейтуге көңіл бөледі

39

0

Кірісті көбейтуге көңіл бөледі   Шиелі. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев тұрақты кеңес отырысында бірқатар бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне, мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді. Оның қорытындысы жайында ақпанның 3-не дейін нақты ақпаратпен, талдамамен баяндауды жүктеді. Бұл жайында бізге аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
   Тұрақты кеңес отырысында одан өзге жиында аудан, ауылдық округ әкімдерінің есепті кездесулеріне дайындық барысы туралы айтылды. Аталмыш отырыс барысында «Осы кезге дейін облыстық бюджеттен қаржы бөлуде ауданның өз кірісін 7 пайыз өсіммен белгіленіп, қалған шығындар субвенция есебінен өтелетін. Ал, биыл өз кірісімізді 22 пайызға көбейтіп (1 млрд. 872 мың теңге) бөлінетін субвенцяны азайтып отыр. Осы негізде биыл аудан үшін кірісті орындау қиынға соқпақ. Сондықтан салық базасын ұлғайту бағытында жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысандарды (мейрамхана, кафе, дүкен), такси қызметін толығымен тіркету және тұрғын үйлерді қайта бағалату қажет. Себебі, біраз кәсіпкерлік нысандарда жұмысшылар 1 күндік жалақымен жұмыс істейді. Келісім шарт жасалмайды. Міне, осы кедергілерді жүйеге келтіру керек. Ол бір жағынан бізге салық түсімін өсіріп, екінші жағынан жұмыссыздық деңгейін төмендетеді» – деді аудан әкімі Мұрат Ергешбаев. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз