СОЛЬНАЛЬ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

38

0

СОЛЬНАЛЬ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ«Қызылорда кәрістер қауымдастығы» облыстық филиалының ұйымдастыруымен кәріс халқының Жаңа жылы – Сольналь мерекесі тойланды.
Салтанатты кешке Қазақстандағы кәрістер қауымдастығының, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының және барлық этномәдени бірлестіктерінің мүшелері қатысты. Мерекеге орай жиылған қауым алдында «Қоғамдық келісім» КММ-сі директорының орынбасарлары Рахима Ахметова, Асылбек Жұмабаев және «Қызылорда кәрістер қауымдастығы» облыстық филиалының жетекшісі Елена Ким сөз сөйлеп, кәріс халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, кәрістер этномәдени орталығының ардагерлері мен белсенді мүшелерін марапаттады.
Айта кету керек, үстіміздегі жылы кәріс этносының Қазақстанда тұрғандарына 80 жыл толады. Соған сәйкес, олар татулық пен келісімде өмір сүріп келе жатқандығын атап өтпекші. Ай күнтізбесі бойынша тойланатын жаңа жылдық мереке биылғы күнтізбеге сай қаңтардың 28-не тойланды. Сольналь мерекесінде би де, ән де, ұлттық ойында болды. Барлық отбасымен бірге  – юннори және қазақтың ләнгі тебу қозғалысты ойынына ұқсас – чегичхагиді ойнады. Ал, барабаншылардан құралған кәрістер самульнори ансамблі жиылған жұртшылықты өз өнерлерімен баурап алды.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз