Кәріз қалдықтарын тартпақ болған екі адам қаза тапты (видео)

51

0

Кәріз қалдықтарын тартпақ болған екі адам қаза тапты (видео)Қызылордада кәріз қалдықтарын тартудың соңы екі адамның өліміне әкеп соқтырды. Алдын-ала болжам бойынша, қайғылы жағдай техникалық ақауға байланысты болған.
Оқиға күндізгі уақытта болған. Үш адам нәжіс қалдықтарын тартуға қаладағы жеке серіктестіктердің біріне жалданады. Бірақ жұмыс кезінде техникалық ақау орын болған. Оны жөндеу үшін септиктің ішіне жұмысшылардың бірі кіріп, көмірқышқыл газына тұншығып мертігеді. Ізінен түскен адам да сол мезетте көз жұмады. Қайтыс болғандардың екеуі де 50-ге тақаған  азаматтар. «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағының» құтқарушылары арнайы тыныс алу құралдарын киіп, мүрделерді сыртқа алып шықты.

ТАЛҒАТ ТҰРСАНОВ, «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушысы:

– Біз құтқарушылар оқиға орнына барып, екі адам қайтыс болғанын анықтадық. Арнайы дыхательный аппарат киіп, құтқарушылар төменге түсіп, екі мәйітті алып шықты.
 
 
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз