«КСЕЛЛ» БИЛЛИНГТІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

56

0

«КСЕЛЛ» БИЛЛИНГТІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР2016
жылдың 1 шілдесінен бастап «Кселл» компаниясы ұсынылатын қызметтер есебінің
және Kcell абоненттері үшін олар бойынша есептеулер жүргізудің әдістемесін
өзгертеді. Жаңа AMDOCS биллингтік платформасы нарыққа пайдаланушыларға арналған
инновациялық өнімдер мен қызметтердің жеделдетілген шығарылуына ықпал ететін
болады. Одан басқа, тарифтеудің жаңа
жүйесіне көшу және есептеулердің жаңа тәртібі операторға сервистің барынша
жоғары деңгейін ұсынуға және клиенттермен барынша жекелендірілген қатынастар
құруға мүмкіндік береді.

Жаңа биллинг платформасына көшуге байланысты Kcell
абоненттері үшін шарттардың бірқатары өзгереді. 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін
Kcell абоненттеріне есептесудің аванстық әдісімен қызмет көрсетілетін
биллингтік платформа оператор алдында берешектің құрылуына жол беретін еді,
себебі жеке шотта қаражат біткен сәтте абонент сөйлесуді жалғастыра алатын немесе
мобильдік Интернетті пайдалана алатын еді. Жаңа биллингтік жүйені пайдалану операторға
Kcell абоненттерін минусқа кіргізуге мүмкіндік бермейді, халықаралық роуминг
қызметтерін қоспағанда, себебі операторлар-серіктестердің барлығы осы қызмет бойынша
нақты уақыт режімінде қосылуды есептеу жүйесін пайдаланбайды*.

Есептеулердің аванстық тәртібі бар абоненттерге ұялы байланыс
қызметтерін көрсету теңгерімдегі қолжетімді ақша қаражаттарының шектерінде ғана
ұсынылатын болады. Есептеулердің кредиттік тәртібі бар абоненттер үшін (жеке және
корпоративтік клиенттер) – кредиттік
лимит біткенге дейін, ұялы байланыс қызметтерін көрсету Ережелерінің 43 т. Белгіленген
жағдайларды қсопағанда. Сондай-ақ есептеулердің кредиттік тәртібі бар Kcell абоненттері
үшін кредиттік лимит енді жаңартылатын болады. Яғни, келесі айдың 1-ші күніне дейін
абонент кредиттік лимитті игерді ме жоқ па, тәуелсіз, жаңа ай басталғаннан бастап
оған оның кредиттік лимитінің толық сомасы қолжетімді болады.

Тағы бір өзгеріс абоненттік төлемді есептен шығару тәртібіне
қатысты болады. Есептеулердің аванстық тәртібі бар абоненттерде тарифтік жоспарға
қосылған кезде абоненттік төлем, қосылған күнді қоса алғанда, күнтізбелік айдың
соңына дейін қалған күндер санына ғана,және содан кейін айдың әрбір бірінші күнінде толық көлемде теңгерімде жеткілікті
сома болған кезде ғана есептен шығарылады. Мысалы, абонент 2000 теңгеге теңгерімді
толықтырады және 10 шілдеде абоненттік төлемі 2000 теңге болатын тарифтік жоспарға
қосылады. Айдың соңына дейін қалған 22 күнге есептен шығарылуға жататын сома
1419 теңгені құрайды, ол келесі есептеуден шығады: 2000 тг/31 күн*22 күн. Бұл ретте,
таңдап алынған тарифтік жоспардың шарттары бойынша ұсынылуы тиіс қызметтер көлемі
ағымдағы айдың соңына дейін толығымен есептелетін болады. Осылайша, 1 шілдеде абоненттің
шотында 581 теңге қалады (2000 теңге минус 1419 теңге). Таңдап алынған тарифтік
жоспар бойынша қызметтердің бүкіл көлемін алуды жаңарту үшін, оған өзінің теңгерімін
2000 теңгеге дейінгі жеткізу үшін, 1419 теңге сомаға теңгерімді толықтыру қажет.
Абоненттік төлем толығымен есептен шығарылған кезде, осы тарифтік жоспар бойынша
қызметтер келесі айдың 1 күніне дейін толық көлемде абонентке қолжетімді болады.
Егер абонент болған айдың 1 күнінде теңгерімді толықтырмайтын болса, онда ұялы байланыстың
қолданылған қызметтері үшін есептен шығару қалған сомадан, яғни 581 теңгеден,
бірақ абоненттік төлемді есептен шығармау үшін көзделген тарифтер бойынша жүргізіледі.
Мысалы, жаңа айдың 1 күнінде абоненттің шотында қалған 581 теңгеден ол 15 күні
500 теңге жұмсады. Оның теңгеріміндегі қалдық 81 теңгені құрайды. Бұл жағдайда бұрын
таңдалған тарифтік жоспар бойынша қызметтердің барлық көлемін алуды жаңарту үшін
абонент теңгерімді 2000 теңгеге дейін жеткізу үшін 1919 теңге сомасына (2000
теңге минус 81 теңге) теңгерімді толықтыруы тиіс. Бұл ретте абоненттің шотынан айдың
соңына дейін қалған күндерге бара-бар сома есептен шығарылатын болады, ал
қалған теңгерім келесі айға өтеді.

Осыған ұқсас шарттар кредиттік лимиті бар абоненттерге де
қолданылатын болады. Бірақ абоненттік төлем жеткілікті кредиттік лимит бар болған
кезде ғана есептен шығарылатын болады. Мұндай тәсіл, ең бастысы, корпоративтік клиенттерге
қызмет көрсетуде қолданылатын болады.

Сондай-ақ жаңа биллингті іске қосу мен байланысты бірқатар
қызметтердің ұсынылу тәртібі өзгереді. Барлық өзгерістер туралы «Кселл»
компаниясы www.kcell.kz сайтының келесі
парақтарында Kcell абоненттеріне егжей-тегжейлі хабарлайды:

https://www.kcell.kz/kk/news/3211/400 – Kcell жеке клиенттері үшін;

https://www.kcell.kz/kk/news/3212/400 – Kcell корпоративтік клиенттері үшін.

*Мүмкін болатын келесі
артық төлемдерді болдырмау үшін оператор міндетті түрде абоненттерге роуминг-серіктестерде,
абоненттің осындай роуминг-серіктестің еліне барған кезде, нақты уақыт режімінде
қосылыстарды қадағалауға мүмкіндік беретін жүйесінің жоқтығы туралы хабарлайды.

 

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз