
«Канелода Головкинді жеңетін мүмкіндік бар деп ойлайтынмын, бірақ қазір ойымды өзгерттім. Себебі Канело GGG-мен спарринг өткізді, оның бар қуатын сезінді. Оны жеңетіндей әсерде емес екенін түсінді, өйткені оның денесі Головкиннен кіші. Геннадий, расымен де, тамаша боксшы. Олимпиаданың күміс медалін алған, күш-қуаты да мығым. Боксшы ретінде ол Альварестен мықты, физикалық дайындығы да жақсырақ. Ол нағыз орта салмақ боксшысы саналады», – деді кіші Чавес ESNews-ке берген сұхбатында.
Айта кетейік, Головкин америкалық Дэниэл Джейкобсты ұтты, ал енді Альварес кіші Чавесті жеңетін болса, қыркүйекте жеңімпаздар кездеседі деп жоспарлануда. Канело-Чавес жекпе-жегі 6 мамырда өтеді.
Baq.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!