КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҮЙЛЕСІМДІ

86

0

Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы көші-қон кызметі бөлімінің үстіміздегі жылы елге көшіп келушілерге рұқсаттар беру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Атап айтсақ,  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» бұйрығы негізінде іске асырылады.
Қазіргі таңға дейін 9254 шетел азаматтарына ҚР-ның Заңына сәйкес еңбекші көшіп келушілерге рұқсат қағаздары берілді. Оның 9224 Өзбекстан Республикасының, 23 Әзербайжан Республикасы, 7 Тәжікстан Республикасы азаматтары. Олардан 112 914 516 теңге мемлекетті баж салығы өндірілді. Сонымен қатар, 2304  шетел азаматының рұқсат беру қағаздары ұзартылды. Олардың 2274 Өзбекстан, 2 Тәжікстан азаматы болса, қалған 28 Әзербайжан Республикасының азаматы. Олар мемлекетке 25 753 150 теңге баж салығын төледі.
Осы бағытта «Образ++» бағдарламасына шетел азаматтарының  бет-бейнесі түсіріліп, дактокарталары алынып, ҚІІБ-ның криминалистика бөліміне енгізу үшін жолданды.
Жазира САРБАЛАКОВА.
ҚІІБ КҚҚБ инспекторы, полиция лейтенанты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз