Көші-қон заңнамасын бұзған 3085 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды

49

0

2017 жылдың 6 айында облыс аумағына түрлі мақсаттармен келген 20 689 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды, оның 709-ы алыс шетелдерден, ал 19 980-ы ТМД елдерінен келгендер.
Олардың біздің облысымызға келуінің басты мақсаты – еңбек қызметін жүзеге асыру болып табылады.
Шетелдіктердің республика аумағында болу, келу-кету ережелерін сақтау жағдайына жүргізілген арнайы шолу барысында көші-қон заңнамасын бұзған 3085 шетелдік анықталып, олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша, яғни шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 148 және ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп-келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін 60 Қазақстан Республикасының азаматына әкімшілік шара көрілді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін Өзбекстан Республикасының 3 азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Көші-қон заңнамаларын бұзуға жол берген 11 шетелдік және Өзбекстан Республикасының 162 азаматы республика аумағынан аластатылып, 551 шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу мерзімдері қысқартылды.
Ағымдағы жылдың 6 айында көші-қон полициясы қызметі бөліністерімен 12 млн. 094 мың 853 теңге айыппұл салынып, 95%-ы өндірілді.
Сонымен қатар, еңбекші көшіп-келушілерге барлығы 8681 рұқсат рәсімделіп, жергілікті бюджетке салық төлемі ретінде 85 млн. 650 мың 512 теңге түсірілді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз