КӨШБАСШЫЛАРЫ ЖАҢА ӘЛІПБИДІ ҚОЛДАЙДЫ

102

0

Елбасы 26 қазанда қазақ тілі қаріпін кириллицадан латынға ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. Осыған орай Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері аталмыш құжатпен танысып, пікірін ортаға салды.
Сондай-ақ, аталған мәселеге байланысты жаңақорғандық жастар да бас қосты. Жаңақорған жастар ресурстық орталығында өткен жиында орталық директоры латын әліпбиіне көшудің маңызын жан-жақты түсіндірді. Мәселен Елбасы тапсырмасы аясында келер жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандар мен орта мектептерге арналған оқулықтар дайындалатыны талқыланды.
Осыдан 5 жыл бұрын да Президент «Қазақстан – 2050» Стратегиясында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшетінімізді шегелеп айтқан. Демек, бұл кешелі-бүгін ғана күн тәртібіне қойылған мәселе емес. Ертеден болжанған, нақтыланған бағдар екені айтылды. Ал, қатысушы жастар жаңа әліпбиді көпшілік, зиялы қауым және сарапшылар айтып жатқандай жаңғырудың ең маңызды алғышарттарының бірі екенін тілге тиек етті. Дәуір сұранысы мен замана қажеттілігінен туындаған жаңа әліпбиді жастар бірауыздан қолдады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз