Көше аралықтары уақытша жабық

147

0

Көше аралықтары уақытша жабықЖыл өткен сайын облыс орталығында жөнделетін көшелер қатары көбейіп келеді. Биыл Қорқыт Ата көшесі осындай жөндеуден өтіп, оның бойына аялдамалар мен тротуар салынуда.  Осыған байланысты  3.06.17 бастап Бұқарбай батыр мен Яссауи көшелері аралықтары уақытша жабылады.
Осыған орай, №2, 4, 7, 9, 10, 13, 16, 17, 22, 23, 24, 27, 28 қоғамдық көліктердің жүру сызбасы өзгертілетін болады.
№2,4,7,9,10,16,23,27,28 бағыттағы қоғамдық көлігі Әйтеке би көшесінен Бұқарбай батыр көшесіне түсіп №4,7,9,10,13,16,23,24,27 Төле би көшесімен әрі қарай өз бағытымен жүріп, №2,13,24,28 Бұқарбай батыр көшесі арқылы өз бағытына көшеді.
№17,22 қоғамдық көліктері Байтұрсынұлы көшесінен Төле би көшесіне түсіп әрі қарай өз бағытымен жүреді.
№9,15 қоғамдық көліктері Төле би көшесімен келіп Яссауи көшесіне түсіп әрі қарай өз бағытымен жүреді.
№24 бағыттағы қоғамдық көліктері Төле би көшесіне түсіп Яссауи арқылы өз бағытымен жүреді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз