Көше тазалығы – көпке абырой

137

0

 
Көше тазалығы - көпке абыройБүгін Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің қатысуымен кент
тазалығына байланысты дәстүрлі апталық жиын өтті. Кенттегі көше тазалығына
немқұрайлы қарап, ластануына жол берген тұрғындарды анықтау мақсатында Әйтеке
би кенті әкімдігі жанынан 3 бөлім бойынша жедел топ құрылған. 
Сондай-ақ ақылы қоғамдық негізде
тартылған азаматтар да тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосуда.
 Өткен
аптамен салыстырғанда кент тазалығында біршама өзгерістер байқалады. Тазалық
жайтына тұрғындар да оң көзқараспен қарай бастаған.
Рейд барысында санитарлық
нормалар мен абаттандыру ережелерін бұзған, тазалықтың сақталмауына ретсіз жол
беріп отырған тұрғын үй аумақтары тексеріліп, нәтижесінде 18 адам ұсталып, ішкі
істер бөліміне жеткізіліп, хаттамалар толтырылған.
 Аудан әкімі Бахыт Жаханов бұл
аптада нәтиже бар екендігін айтып, одан
әрі жұмыс күшін күшейтуді ескертті. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз