Көшелерді жарықтандыруға бір миллиард теңге жұмсалды

61

0

Көшелерді жарықтандыруға бір миллиард теңге жұмсалдыҚызылордада 2014 жылы көшелерді түнгі жарықтандыруға бір миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Облыс орталығында 31 көше жарықтандырылды, 17 көшеде шамдар жөнделді. Бұған қоса, қаладағы 12 көшенің жаяу жүргіншілер жүретін жолдары жөндеуден өтті. Осының барлығына облыстық бюджеттен бір миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Жол инфрақұрылымы белсенді дамып келеді.

«Әл-Фараби көшесіне күрделі жөндеу жүргізілді, Рысқұлов, Саламатов, Әбілқайыр хан, Марал Ишан, Қаратоғай көшелері қалпына келтірілді, – дейді Қызылорда әкімі Нұрлыбек Нәлібаев. – Тұтастай алғанда 90-нан астам көшеде жөндеу жүрді, қала маңындағы елді мекендерде 7 шақырымдай жол жөнделді».

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз