Қ.Көшербаев Қазалы ауданында бірқатар нысандарды аралады

52

0

Қ.Көшербаев Қазалы ауданында бірқатар нысандарды араладыАудан орталығы Әйтеке би кентіндегі №170 орта мектеп жанынан жылыжай
пайдалануға берілді. Жылыжайдың жалпы ауданы 200 шаршы метр.

Бүгін
Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Қырымбек Көшербаев
аталмыш жылыжайда болып, жұмысымен танысты. Бұл туралы Қазалы аудандық
әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жылыжайдың мақсаты – оқушыларды еңбекке тәрбиелеп
қана қоймай, кәсіби бағдар бере отырып, белгілі бір мамандыққа баулу.
Оқушылардың гүл өсіру дағдысын қалыптастыру, еңбек етуге үйрету. Мұнда
ұстаздардың сабақтарын тәжірибемен ұштастырып өткізуге мүмкіндік бар.

Аймақ басшысы бұдан өзге ардагерлер үйінде болып,
аудан ардагерлерімен кездесті. Және Қазалы теміржол ауруханасы мен №17
Қазалы ауданының олимпиадалық резервтік балалар-жасөспірімдер мектебінің
жұмысымен танысты. Сонымен қатар, аудандық «Әйелдер Кеңесінің»
конференциясына қатысты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз