Қ.Көшербаев Сыр өңірінен әскер қатарына аттанған жастарға сәт-сапар тіледі

54

0

Қ.Көшербаев Сыр өңірінен әскер қатарына аттанған жастарға сәт-сапар тіледіЕгемен еліміздің айбынды әскерінің қатарына Сыр өңірінен биыл көктемде
700-ден аса азамат аттанады. Солардың бір легін бүгін облыс әкімі
Қырымбек Көшербаев шығарып салып, оларға сәт-сапар тіледі, деп хабарлады
облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Қазір әскерге шақырылушыларға
қойылар талап күшейді. Олардың денсаулықтары құрыштай берік болуы шарт.
Біліміне де барынша назар аударылуда. Бұл – жаңа буынның сарбаздары
жоғары әскери дайындықта болады деген сөз.

– Сіздер бүгін әскер қатарына аттанғалы отырсыздар. Ел тыныштығын
күзету – азаматтық борыш. Қазір заман тыныш. Алайда, бұл Отан
күзетіндегі жауынгердің жауапкершілігін жеңілдетпейді. Алаштың анасы –
Сыр елінің бүгінгі жастары алған тәлім-тәрбиесі, білімі мен өмірлік
тәжірибесінің арқасында мерзімді әскери қызметін жоғары жауынгерлік
деңгейде атқаратынына сеніміміз мол. Осыған орай, мен Сіздерге үлкен
сенім артып отырмын, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Әскери борышын өтеуге бет бұрғандарға облыс әкімінің атынан Қадыр
Мырза Әлінің «Алмас жерде қалмас» кітабы табыс етілді. Сонымен қатар
болашақ сарбаздардың ата-аналары да ақ жол тілеп, Отан алдындағы
борыштарын аман-есен өтеп қайтуларына тілектестіктерін білдірсе,
облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы ақ батасын берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз