Облыс әкімі Элизабетті жеңісімен құттықтап жеделхат жолдады

39

0

Облыс әкімі Элизабетті жеңісімен құттықтап жеделхат жолдадыҚызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Лиллехамерде өткен
жасөспірімдер арасында өткен қысқы олимпиадада қола жүлдегер атанған
жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаеваны жеңісімен құттықтап үкіметтік жеделхат
жолдады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөзы қызметі.

Жеделхатта:
«Айналайын Элизабет! Сені Лиллехамерде өтіп жатқан жасөспірімдер
арасындағы қысқы олимпиада ойындарында қола жүлдегер атануыңмен
жерлестеріңнің атынан шын жүректен құттықтаймын! Мәнерлеп сырғанаудан
жасөспірімдер Олимпиадасында ел қоржынына жүлде салған алғашқы
спортшысың. Бұл жетістігіңді мақтан тұтамыз. Алда да жарқын жеңістіктер
тілеймін! Құрметпен Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев», делінген.

Әлеуметтік парақшада Элизабет әкесі Байтақ Тұрсынбаев аймақ басшысына алғысын жеткізді.

«Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың
құттықтау жеделхатын алдық. Көңіліңіз үшін алғысымызды жеткіземіз. Сізге
денсаулық тілейміз. Элизабет 2013 жылы сіздің қабылдауыңыздан кейін
республикалық турнирлерде Қызылорда облысының тобында болуға шешім
қабылдаған болатын. Сіздің қолдауыңыздың арқасында Элизабет әлем
деңгейіндегі спортшылар қатарында жүр», – деп жазады Б.Тұрсынбаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз