Көшпелі кеңестің отырысы өтті

52

0

Көшпелі кеңестің отырысы өттіБүгін Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында «Атамекен» ҰКП-ның Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің көшпелі отырысы өтті.
Отырысқа Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Палымбетов Болат, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес төрағасы Сүлейменов Қайырбек, тиісті сала басшылары мен аймақ кәсіпкерлері қатысты.
Кеңесте Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы кәсіпкерлік нысандарын газдандыру, сондай-ақ бизнес өкілдерінің аталмыш салаға қатысты проблемалары, мектепке дейінгі білім беру мекемелерін мемлекеттік тапсырыс аясында қаржыландыруға қатысты мәселелер талқыланып, мемлекеттік органдармен кәсіпкерлердің өтініштерін қарау барысында олардың құқықтарын қорғауға қатысты прокуратура органдарымен, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің облыстық департаментімен қабылданған шаралар тыңдалды.
Кеңесте өткір талқыланған мәселенің бірі – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалдарының жұмысына қатысты болды. 
Атап айтқанда, бұған дейін Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына аймақтағы газ саласындағы жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысатын бірқатар мекемелер тарапынан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда Өндірістік филиалымен тиісті тауар нарығында өзінің үстем немесе монополиялық жағдайды пайдаланып, өзге кәсіпкерлік қызмет түрлерімен айналысатын тұлғаларға кедергі жасалатындығын айтып, шағымданған болатын. 
Мәселенің маңыздылығын ескере келе, «Атамекен» ҰКП-сы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңеске шығару туралы шешім қабылдайды. Мұндай мәселе Оңтүстік Қазақстан облысына да тән болып шықты. Бұл жөнінде Кеңес отырысында Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ғазизбек Нәтбаев пен шымкенттік кәсіпкерлер де айтты. 
Отырыста қызылордалық бизнес өкілдері Кәсіпкерлер палатасының араласуымен аталмыш мәселе бірнеше рет талқыланып, ортақ келісімге келгендіктерін жеткізді.
Ал республикалық кеңес мүшелері аталмыш мәселеге қатысты бітімгершілік комиссия құрып, жан-жақты зерттеп, шілде айында өткізілетін Кеңестің келесі отырысына шығару туралы шешім қабылдады. 
Қызылорда облысы 
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз