Кәсіпкер қайтарымсыз грантқа ие болды

43

0

Кәсіпкер қайтарымсыз грантқа ие болдыБұл туралы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Арал аудандық филиалының директоры Қадырхан Еңсепов хабарлады.

«Бизнестің
жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы
аясында бизнес жүргізуге қайтарымсыз грантқа ие болған старт-апшылардың
есімдері белгілі болды. Аймақтың бастауыш кәсіпкерлеріне мемлекет
тарапынан 300 мыңнан 3 млн.теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар бөлінді.
Ол үшін жоба өміршең болса болғаны», – дейді Қадырхан Еңсепов.

Филиал директоры жағымды жаңалығымен бөлісті.
Гранттық байқауға қатысқан жобалардың бірі Арал ауданының тұрғыны
бастауыш кәсіпкер Нұрбек Сексенбаев ара шаруашылығы мен бал өндірісіне
қатысты жобасы бойынша 1 млн.теңге грант ұтып алды. Инновациялық жоба
аясында жаңадан 2 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Кәсіпкерге гранттық байқау талаптары мен тәртібі
туралы толық ақпарат берген Палата кеңесшілері Нұрбекке бизнес-жоспарын
да тегін әзірлеп береді. Мұнан өзге, Нұрбек Сексенбаев Кәсіпкерлер
палатасымен өткізілген «Бизнес кеңесші» оқу курсына қатысып,
сертификатын алған.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың наурыз айында
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Бизнестің жол
картасы 2020» бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант алуға байқау
жариялаған болатын.

Гранттық қаражат – бастауыш кәсіпкерлерге инновация
бағытында ерекшеленетін және жаңашыл жобаларға қайтарымсыз негізде және
кепілзатсыз беріледі. Өз жобасын байқауға ұсынуға талаптанған әрбір
кәсіпкер ақысыз негізде өткізілетін «Бизнес кеңесші» оқыту жобасынан
өтуі тиіс. Мұнымен қоса, бастауыш кәсіпкердің жобаны жүзеге асыруға,
оның толық құнының 10 пайыздық өз үлесі және бизнес жоспары болуы шарт.

Айта кету керек, жыл басынан бері Қызылорда
облысының кәсіпкерлер палатасымен 1087 азаматқа 2069 кеңес беріліп, 824
кәсіпкерге 953 қызмет көрсетілді. Мұнан өзге жыл басынан бері 282 азамат
«Бизнес кеңесші» курсынан өтті.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз