«Кәсіпкер үшін әр теңге маңызды» – Сейфулла Ажмолдаев

50

0

«Кәсіпкер үшін әр теңге маңызды» - Сейфулла Ажмолдаев«МИР – 2001» ЖШС-нің директоры
Сейфулла Ажмолдаев осылай дейді. Кәсіпкер басына іс түскенде сотта мүддесін
қорғаған Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына алғысы шексіз екендігін
жеткізуде.

Кәсіпкердің мәселесі мынада.
Өткен жылдың қараша айында мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан «МИР-2001»
ЖШС-іне Әкімшілік Кодекстің 2-бөлім, 281-бабы бойынша 4 әкімшілік заң бұзушылық
бойынша іс қозғалады. Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес аталмыш бап
бойынша әр әкімшілік құқық бұзушылыққа 100 АЕК түрінде айыппұл қарастырылған.
Осылайша «МИР»-ге 400 АЕК немесе 792800 теңге айыппұл салынады.

Осы ретте, кәсіпкер Палатаға
заңгердің көмегін сұрап келген болатын.

Заңнамаға сәйкес егер адам
бірнеше әкімшілік құқық бұзушылықтар жасап, оларды сол бiр судья, орган
(лауазымды адам) қараса, онда бұл адамға сол бiр түрдегi жазалар қолданылған
жағдайда, жазаның түпкiлiктi мөлшерiн жазаның осы түрi үшiн осы Кодексте
белгiленген, үш еселенген ең жоғары шектен асыруға болмайды деп көрсетілген.

Ал кәсіпкердің жағдайында
айыппұлдың көлемі 300 АЕК-тен аспауы тиіс. Оның үстіне кәсіпкердің айыбы құқық
бүзушылықтың жеңіл түріне жатады. Мұндай жағдайда заңға сәйкес судья жаза түрін
жеңілдете алады.

Әкімшілік заңнаманың нормаларына
сүйене отырып, Палата заңгерлері апелляциялық шағым түсіріп, сотта жоғарыда
айтылған негіздемелерді келтірді.

Нәтижесінде Қармақшы аудандық
сотының судьясы Мемлекеттік кірістер басқармасы қаулысына өзгеріс енгізу туралы
шешім шығарып, кәсіпкер 400 АЕК түріндегі айыппұлдың орнына 280 АЕК айыппұл
төлейтін болды.

«МИР – 2001» ЖШС-нің директоры
Сейфулла Ажмолдаев: «Кәсіпкерлер
палатасының заңгерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Біріншіден, сотқа тиісті
құжаттарды әзірлеп, менің сотта мүддемді көздеп, қорғау да қомақты шығынды
қаржы етеді. Екіншіден, қорытындысымен тиісті нәтижеге қол жеткізу-жеткізбеуің
өз алдына бір мәселе. Палата заңгерлерінің біліктілігіне ризамын. Қазіргі
жағдайда кәсіпкер үшін әр теңгенің орны бар. Бұл азаматтар менің 250 мың
теңгеге жуық қаржымды сақтап қалуға көмектесті»,
– дейді.

 

Қызылорда облысының

кәсіпкерлер палатасының баспасөз
қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз