Кәсіпкердің жұмысына кедергі келтірген мемлекеттік орган қызметкерлері жазаланды

56

0

Кәсіпкердің жұмысына кедергі келтірген мемлекеттік орган қызметкерлері жазаландыҚызылордалық «Ракурс және К» ЖШС-нің директоры Ғалымжан Жалғасбаевтың
кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтірген мемлекеттік органның
қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Кәсіпкер Ғалымжан
Жалғасбав 2014 жылы Қытайдан медициналық техника алдырады. Аталмыш
құрал-жабдықтың Қазақстанда рұқсаты болмағандықтан Ғалымжан Жалғасбаев
тауарды тіркету үшін Алматы қаласы бойынша дәрілік заттарды,
медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау
ұлттық орталығына тиісті құжаттарын өткізеді. Жалпы тауарды уақытша
сақтау мерзімі кеден заңнамасына сәйкес 4 айдан аспауы және заңға сәйкес
осы аралықта тауар иесі кедендік баждар мен салықтарды төлеуі тиіс.

Алайда тіркеу жұмыстарының уақыт алуына байланысты белгіленген мерзім
өтіп кетіп, Алматы қаласы бойынша кірістер департаменті кәсіпкерге 250
АЕК (463000 тг) көлемінде әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы
қабылдайды.

Осы ретте, Ғалымжан Жалғасбаев Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасынан құқықтық кеңес беріп, бұл мәселеге қатысты көмек
көрсетуін сұраған болатын.

Кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерінің
құқықтық көмегінің нәтижесінде кәсіпкердің мәселесі қайта қаралып,
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің
жаңа редакциясына сәйкес кәсіпкер 463 000 теңге айыппұлдың орнына 79280
теңге төледі.

Мұнан өзге, кәсіпкердің мәселесін қарау барысында
заңдылықтарды бұзғаны үшін Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер
департаментінің «Жетісу» кеден бекетінің бас маманы «сөгіс» түріндегі
тәртіптік жауапкершілікке тартылып, Дәрілік құралдарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдарды ж»не медицина техникасын сараптау ұлттық
орталығының Медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық техникаға
мамандандырылған сараптама жүргізу басқармасының басқарма басшысы мен
бас маманы қызметтерінен төмендетілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз