Кәсіпкерге жылжымайтын мүлкі қайтарылды

37

0

Кәсіпкерге жылжымайтын мүлкі қайтарылдыБұл жөнінде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Дархан Мырзалиев айтты.

Осы
жылдың тамыз айында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына «Эврика
пресс Қызылорда» ЖШС-нен өтініш түсті. Өтініште кәсіпкер банкке қойылған
кепілзатының бір бөлігін босатуды сұраған.

Мәселе мынада, 2014 жылдың мамыр айында «Эврика
пресс Қызылорда» ЖШС басшысы офистік ғимарат алу үшін «Еуразиялық банк»
АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалынан 84 ай мерзімде қайтаратын болып, 11
млн.теңге несие алады. Келісім шартқа сай кәсіпкер нарықтағы құны 20
млн.теңге тұратын жер телімін банкке кепілзат ретінде қояды. Бұдан өзге
банк несиеге алынған ғимаратты да кепілзат ретінде алады.

Қызметтік қажеттілікке байланысты Серіктестіктің
кепілзаттың бір бөлігін босату жөніндегі Банкке жазған бірнеше өтініші
қанағаттандырылмағандықтан, Серіктестік палатадан көмек сұрап келеді.

«Біздің қызметкерлеріміз аталмыш істі мұқият
зерттеді. Негізі кәсіпкер Банк алдындағы келісімшарт бойынша
міндеттемелерін толықтай орындап отыр. Оның үстіне кәсіпкердің бірінші
кепілзат ретінде қойған жер телімінің құны алынған несие көлемінен
артық. Осы жайттарды ескере келе, Кәсіпкерлер палатасы атынан бірнеше
рет Ұлттық банкке, «Еуразиялық банк» АҚ-ның орталық аппаратына хаттар
жолданып, келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде мәселе кәсіпкердің
пайдасына қарай оң шешілді, яғни банкке кепілге қойған ғимараты өзіне
қайтарылып, құқығы толығымен қорғалды», – деді Дархан Мырзалиев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз