
Былтырғы есеп бойынша аудан бойынша 3 мыңға жуық шағын кәсіпкерлік орындары тіркеуде тұр. Оның ішінде жеке кәсіпкерлердің үлес салмағы басым, олардың саны 1741 –ді құрайды. Ал қалған нысандар бойынша 181-і заңды тұлға саналса, ендігі 579-ы шаруа қожалықтары санатына жатқызылады. Жалпы алғанда, аталмыш орындарда 6 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.