Кәсіпкерлер мәселесі талқыланды

41

0

Кәсіпкерлер мәселесі талқыландыҚармақшы. Үстiмiздегi жылдың 27 ақпанында «Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызмет үшiн жағдайды жақсарту жөнiндегi түбегейлi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң №757 Жарлығы қабылданғаны белгiлi. Осы Жарлыққа сәйкес, 2014 жылғы 2 сәуiрден бастап 2015 жылғы 1 қаңтарға дейiн шағын және орта кәсiпкерлiк субьектiлерiн тексерулерге мораторий жарияланды. 
Жарияланған мораторийге байланысты облыстық кәсiпкерлер палатасы мен облыстық прокуратура өкiлдерiнiң қатысуымен ауданда «Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктi дамыту және қорғау» және «Жылжымалы экомәдениет» тақырыбындағы акциялар аясында аудан кәсiпкерлерiмен кездесу болып өттi. «Басқосуда облыстық кәсiпкерлер палатасының директоры Дiнмұхаммед Әбсаттаровтың «Кәсiпкерлiк қызметтiң дамуына қажеттi жағдайларды жақсарту жөнiндегi түбегейлi шаралар туралы» және ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасының құрылу мақсат-мiндеттерi жайлы хабарламасы тыңдалып, аудан кәсiпкерлерi өздерiн толғандырып жүрген сұрақ-сауалдары мен ұсыныс-пiкiрлерiн ортаға салды» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз