Кәсіпкерлер назарына

51

0

Кәсіпкерлер назарынаҚұрметті кәсіпкерлер!

 

2015 жылығ 1 маусымда Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен «Қолма қол
түсімдердің толық көрсетілуіне салықтық бақылауды күшейту бойынша Іс-шаралар
жоспары» бекітілді.

Осыған сәйкес, республиканың барлық
аумақтарында 17 маусымнан хронометраждық зерттеп-тексеру шаралары басталды.

Қазақстан Республикасының «Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» Кодексінің 627-бабы бойынша «Хронометраждық зерттеп тексеру – салық
органдары салық төлеушінің зерттеп-тексеру жүргізілетін кезең ішіндегінақты табысын және табыс алуға байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында
жүргізілетін тексеру
».

Тексеру объектілерінің негізін қоғамдық
тамақтану орындары (ресторан, барлар), букмекерлік кеңселер, брендті бутиктер
құрайды. Негізгі назар фискальды жады бар бақылау кассалық машиналардың, POS-терминалдардың
бар болуы мен нақты жұмыс жасап тұруына аударылады.

Салық кодексінің 634 бабы
хронометраждық зерттеп-тексерудің ерекшіліктерін түсіндіреді.

Атап
айтқанда, хронометраждық зерттеп-тексеру, нұсқама (ұйғарым) тапсырылған күннен
бастап 30 күн ішінде жүргізіледі.

– Салық
органдары, қажет болғанда, салық төлеушінің тауарлық-материалдық құндылықтарына
түгендеу жүргізуге құқығы бар;

-ақшасының, ақша құжаттарының, бухгалтерлік кітаптардың, есептердің,
сметалардың, бағалы қағаздардың, есеп-қисаптардың, декларациялардың және зерттеп-тексерілетін
объектілерге қатысты өзге де құжаттардың
болуын тексереді;

-бақылау-касса машинасының фискалды есебі зерттеп-тексерілуге тиіс;

– салық органдарының лауазымды адамдары
күнделікті хронометраждық-бақылау картасына зерттеп-тексеру барысында алынған
мәліметтерді толық және нақты енгізіп отырады;

Әрбір
салық салу объектісіне хронометраждық-бақылау картасы жасалады, онда салық
төлеуші туралы мәліметтермен қатар, хронометраждық зерттеп-тексерудің басталу
және аяқталу күні, тауарлардың және қызметтердің құны көрсетіліп отырады.
Күнделікті зерттеп-тексеру нәтижесімен жиынтық кесте жасалады

Хронометраждық зерттеп-тексеру
шаралары 2015 жылдың 17 маусымынан жыл соңына дейін жүргізіледі.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз