Кәсіпкерлер ойын орталығын ашты

40

0

Кәсіпкерлер ойын орталығын аштыЖаңақорған ауданында тұратын ағайынды Ашировтар жаңақорғандық өрендерге тамаша тарту жасады. Аптап күннің ыстығында қайда барарын білмей жүрген жасөспірімдерге ойын-сауық орталығын ашты. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мұнда үлкен және кіші бассейндер, балаларға таңсық батут атты үрлемелі ойын алаңы балғындардың жазғы демалысын көңілді өтіуіне өзіндік үлесін қосуда. Айта кетейік, ағайынды Ерболат, Нұрболат, Бекболат есімді азаматтар кәсіпкерлікпен сонау тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезеңнен бастап айналысып келеді. Бұл ойын-сауық орталығына басқа «ЕрНұрБек» ЖШС-нің аудан орталығында «Ақ жол» сауда орталығы, құрылыс дүкені, шағын жиһаз жасау және дәнекерлеу шеберханасы, жергілікті тұрғындарға қалтқысыз қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, аталмыш құрылыс заттары мен жиһаз жабдықтарын қолжетімді бағада несиеге алу жолдарында қарастырып қойған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз