Кәсіпкерлер палатасы 818,5 млн.теңгенің 150 жобасын сүйемелдеді

47

0

Кәсіпкерлер палатасы 818,5 млн.теңгенің 150 жобасын сүйемелдедіҚызылорда облысының кәсіпкерлер
палатасының кеңесшілерінің тиімді жұмысының нәтижесінде аймақта жалпы құны
818,5 млн.теңгені құрайтын 150 жоба қаржыландырылды. Ерекше тоқталатын жайт,
қаржыландырылған жобалардың 94 пайызы ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің
жобалары.

Жыл
басында өңірдің барлық аудандарында Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылған
болатын. Бүгінде Орталық кеңесшілерінің қызметьі жоғары сұранысқа ие. Осы
жылдың 9 айының өзінде 6346 кәсіпкер Орталықтың 12500 қызметін алған.

Мұнан
өзге, Палатада кәсіпкерлерге сервистік қызмет те көрсетіледі. Мәселен, облыс
орталығындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен аудандағы Орталық
кеңесшілерімен жыл ішінде 983 қызмет көрсетілу керек болса қазірдің өзінде 1544
қызмет көрсетіліп, жоспар 139 пайызға орындалды.

Қызылордалықтар
арасында сұранысқа ие бағдарламалардың бірі – «Бизнес-кеңесші» жобасы. Бұл
жөнінде Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Дархан Мырзалиев: «Биыл
біз 800 қызылордалықты оқытамыз деп жоспарлағанбыз. Бірақ облыс тұрғындарының
бұл жобаға сұранысы жоғары болды. бүгінгі күнге дейін 1458 азамат біліктілігін
жетілдірді. Сонымен бірге, «Бизнес-өсу», «Жобалық оқыту» жобалары бойынша да
жоспарды артығымен орындадық», – дейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз