Кәсіпкерлер палатасы ауылдық елді мекендерді аралауда

49

0

Кәсіпкерлер палатасы ауылдық елді мекендерді аралаудаҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері
Палата директорымен және қалалық мәслихат депутаттарымен бірге ауылдық елді
мекендерді аралап, кеңестер беруде, деп хабарлайды кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Мемлекет
тарапынан елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қатысты түрлі
мемлекеттік бағдарламалар, жеңілдетілген несиелер болғанымен, ауылдық елді
мекен тұрғындары тыс қалып жатады.

Мәселенің
мән-жайына талдау жасаған Кәсіпкерлер палатасының басшысы Ғалымбек Жақсылықов
Палата кеңесшілерімен бірге ауылдарды аралап, көшпелі кеңестер өткізуде.

Атап
айтқанда, ауыл кәсіпкерлеріне Палатамен тегін көрсетілетін 8 қызмет түрі:

– бухгалтерлік және салықтық
есепті жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты
қызметтер;

– кедендік рәсімдер бойынша қызметтер;

– менеджмент жүйелерін енгізу
бойынша консультация беру және бүкіл процесті толық сүйемелдеу;

– заң қызметтерін көрсету;

– маркетинг мәселелері бойынша
қызметтер;

– ақпараттық технологияларға
қызмет көрсету саласындағы консультациялар;

– мемлекеттік сатып алулармен,
ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен
байланысты көрсетілетін қызметтер

– менеджмент сұрақтары бойынша
қызмет көрсету таныстырылып, мемлекеттік «Бизнестің жол картасы – 2020»,
«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламаларының ерекшеліктері жөнінде
ақпарат берілуде.

Бұл туралы Палата директоры
Ғалымбек Жақсылықов: «Ауыл тұрғындары кәсіппен шұғылдануға ынталы,
қызығушылықтары да жоғары. Көпшілік жағдайда ақпараттың жеткіліксіздігі
ауылдықтарға кедергі келтіріп жатады. Палатаға келіп ақпарат алуға тұрғындардың
барлығының жағдайы келе бермейді. Сондықтан да біз кеңесшілерді ауылдарға
жіберіп, көшпелі кеңес өткізіп жатырмыз. Әзірге Қызылорда қаласына қатысты
ауылдық округтерді аралаудамыз. Алдағы уақытта аудандарда да осы жұмысты
жүргізу жоспарымызда бар», – дейді.

Кәсіпкерлер палатасының
кеңесшісі Мәдина Қасымжан: «Мәселен, кәсібін жаңа бастаймын деген азаматтар
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 20 млн.теңгеге дейін несие
алуға болатындығын біреу біліп, біреу білмейді. Ол үшін несие алғысы келген
азамат алатын сомасының 30 пайызын кепіл ретінде банкке депозитке салуы керек.
Ал бизнесін әрі қарай дамытамын деген кәсіпкерлер 180 млн.теңгеге дейін несие
ала алады. Мұнан өзге ауыл тұрғындары үшін тиімді «Жұмыспен қамту жол картасы –
2020» бағдарламасы аясында 6 пайызбен 6 млн.теңгеге дейін шағын несиелер алуға
болады. Міне, осы сынды ақпараттарды біз ауыл тұрғындарына жеткізудеміз», –
деді.

Айта кету керек, көшпелі кездесу
жалғастырылуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз