Кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерінің 1 млрд.143 млн.теңгесін сақтап қалды

34

0

Кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерінің 1 млрд.143 млн.теңгесін сақтап қалдыБұл туралы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын
қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовтің аймақ кәсіпкерлерімен
кездесуінде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы Алмас Тұртаев
айтты.
    
«Өздеріңіз білетіндей, ҚР «Атамекен» Ұлттық
кәсіпкерлер палатасы қызметінің басты бағыттарының бірі – кәсіпкерлердің
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және әкімшілік кедергілерді
азайту болып табылады.     Осы орайда, Палатамен тұрақты түрде
кәсіпкерлерге кәсіби құқықтық көмек көрсетіліп, кәсіпкерлік
субъектілерінің мүдделері жергілікті мемлекеттік, құқық қорғау
органдарында және сот отырыстарының барлық сатыларында қаматамасыз
етілуде», – деген Кеңес төрағасы 2 жылдан астам уақыт ішінде Палатаға
336 өтініш түсіп, оның 190-ы оң шешілгенін жеткізді. Алмас Тұртаевтың
айтуынша, тиімді жұмыстың нәтижесінде Палата заңгерлері кәсіпкерлердің 1
млрд.143 млн.теңгесін сақтап қала алған.   
    Мұнан өзге, Кеңес төрағасы Алмас Тұртаев кәсіпкерлерден келіп
түскен өтініштердің басым бөлігі жер қатынастар саласындағы жергілікті
атқарушы органдардың әрекетіне келетіндігін – өтініштердің жалпы санының
17%,  маңыздылығы бойынша екінші кезекте тұрған салық салу – 11%,
мемлекеттік сатып алу – 10 % мәселелері екендігін айтты.
    Аталған көрсеткіштерді мысал ретінде келтірер болсақ, 2015  жылы
Палата мақсатсыз пайдаланды деген желеумен 129 кәсіпкердің жерлерін
заңсыз алып қойған жергілікті атқарушы орган қаулысының күшін жоюға қол
жеткізіп, кәсіпкерлердің жер учаскелерін кері қайтарып, құқықтарын
қалпына келтірді.
    Сонымен қатар, облыстық прокуратура, қалалық жер қатынастар
бөлімімен бірлесіп жүргізілген жұмыстар нәтижесінде кәсіпкерлік
субъектілерімен жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту барысында жер
учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын белгіленген мерзімге ұзартып
төлеу мүмкіндігі жүзеге асырылды. Ендігі жерде, Палатаның бастауымен
қабылданған шаралар нәтижесінде бүгінгі күні Қызылорда қаласы бойынша 10
млн-ға жуық теңгені құрайтын кадастрлық құнды бөліп төлеу мүмкіндігін
алып отыр.  
    Палата тарапынан кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша
жүргізіліп жатқан жұмыстар облыстық прокуратура және жергілікті атқарушы
органдармен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырылуда.
    Бүгінгі таңда, Палатаның сарапшылары  кәсіпкерлердің құқықтары мен
заңды мүдделерін қорғау бойынша 35 сот отырыстарын қатысып, нәтижесімен
сот процесстерінің 80% кәсіпкердің пайдасына шешілді.
    Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жұмыстарды күшейту
мақсатында 2014 жылы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының жанынан
тұрақты жұмысшы орган – Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесі
құрылды.  
    Ай сайынғы Кеңес отырыстарында кәсіпкерлік субъектілерінің заңды
мүдделерін шектеуге, мемлекеттік органдардың әрекеті немесе
әрекетсіздігіне байланысты орын алған нақты жағдайлардың шешілу жолдары
қарастырылады.
    Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесі құрамына құқық қорғау
органдары, кәсіпкерлік субъектілерінің, Бұқаралық ақпарат құралдарының
өкілдері, заңгерлер мен қоғам қайраткерлері енгізілген.
    Бүгінгі күні, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің 9 отырысы
өткізілді. Кеңес отырыстарында жүйелі түрде қалаптасқан 26 проблемалық
мәселелер қаралып, нәтижесі бойынша 150-ден аса кәсіпкердің заңды
мүдделері қорғалып, құқықтары қайта қалпына келтірілді және 7 лауазымды
тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз