Кәсіпкерлер палатасы грант алуға көмектесті

37

0

Кәсіпкерлер палатасы грант алуға көмектесті Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы ісін жаңа
бастаушы кәсіпкерлердің бизнес-жоспарлары мен өзге де құжаттарын әзірлеп беріп,
гранттан жеңуіне үлес қосты.

Жақында Қызылордада аймақ
басшысы ісін бастаушы81 азаматқа «Демеу» грантын табыс еткен болатын. «Қармақшы мен Жалағаш
аудандарындағы шағын бизнес субъектілерін қолдау» гранттық бағдарламасы туралы
өткен жылдың қараша айында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ы жариялаған болатын.

Бағдарламаның мақсаты –
мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жұмыссыз әйелдерге және жастарға 1 млн.теңгеге
дейін гранттар бөле отырып, кәсіпкерлік саласына тарту. Бағдарламаның жалпы
бюджеті 50 млн.теңгені құрайды.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер
палатасының Жалағаш аудандық филиалының директоры Мақсат Мүбарак: «Грантқа
байқау жарияланған сәттен бастап біздің аудан тұрғындары қатысуға белсенділік
танытып, бізге жүгінді. Біз ауданның 158 тұрғынына бизнес-жоспар мен өзге де
құжаттарын әзірлеп бердік. Нәтижесінде 41 жалағаштық грант иегері атанды», –
дейді.

Грант иегері атанған
азаматтардың бірі – жалағаштық Орынбек Шаймағанбетов. 40 жасар жігіт осыдан 13
жыл бұрын І-топ мүгедегі болып қалады. Тағдырдың тауқыметіне мойымаған Орынбек
2012 жылдан бастап тігін цехын ашып, кәсіпкерлікпен айналыса бастады. Кәсіпкер
Палатаның қызметін 2014 жылдан бері пайдаланып келеді. Орынбек ең алғаш Палатаға
келгенінде мемлекеттік қолдау түрлері туралы кеңес алып, «Даму» АҚ-ы арқылы
тігін машинасын алған болатын. Былтыр кәсібін кеңейтуді жоспарлаған ол Палата
қызметкерлерінің әзірлеп берген бизнес-жоспарының арқасында «Қызылорда» өңірлік
орталығы арқылы 750 мың теңге несие алып, кәсібін одан әрі дамыту түсуде.

«Кәсіпкерлер палатасының біз
секілді ісін жаңа бастаушы азаматтарға тигізіп жатқан пайдасы зор. Өткен жылы
«Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жариялаған байқауды көріп,
Палатаның қызметіне тағы да жүгіндім. Нәтижесін өздеріңіз де көріп отырсыздар,
500 мың теңге грант ұтып алдым. Жалпы елімізде кәсіппен айналысамын деген кез
келген азаматқа жағдай жасалған. Тек ниет пен талап болса болғаны», – дейді
Орынбек Шаймағанбетов.

 

Қызылорда облысының

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз