Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкердің 31226 теңгесін үнемдеп қала алды

43

0

Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкердің 31226 теңгесін үнемдеп қала алдыБұл туралы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және
әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Ирина Ким айтты.
    Бөлім бастығының айтуынша, Қызылорда облысының кәсіпкерлер
палатасына «АСАР» ЖШС-і «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның сотқа 50 385 теңге
қарызын төлеу және 1512 теңге мемлекеттік баж салығын өндіріп алуға
қатысты берген талап арызына орай сотта заңды мүддесін қорғап, құқығын
қорғауды сұрап, өтініш білдірген.
     «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның кәсіпкерге тағатын айыбы орналастырылған
есептеу құралдарының қуаттылығы талапқа сай келмейтіндігіне және
есептеу құрылғысының дұрыс орналастырылмағандығына қатысты. Ол 2013 жылы
АҚ-ның ішкі бақылау бөлімінің тексеруі барысында анықталған.
    Осы ретте, АҚ кәсіпкерге газбен жабдықтау жүйесіне өздігінен
қосылып, орнатылған газ қондырғысының қуаттылығын арттырды, газды заңсыз
пайдаланды деген желеумен қайта есептеу жүргізеді. Есептелген сома
50385 теңге.
     Алайда, Палата заңгерлері құжаттармен танысу барысында кәсіпкердің
есептеу құрылғыларына қатысты «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-нан барлық рұқсат
құжаттары алынғандығы анықталды.
    Кәсіпкерлер палатасы заңгерлері мәселені жан-жақты зерттей келе
кәсіпкердің қадамдарының заң аясында жүргізілгендігін сотта дәлелдеп
шықты. Кәсіпкер тек сол уақытқа дейін төленбеген 19156 теңгесін төлейтін
болды. Талапкермен сұралған қалған 31 226 теңге сотта
қанағаттандырылмады.
    Айта кету керек, істің нәтижесі бойынша кәсіпкер 31226 теңгесін
ғана үнемдеп қалған жоқ. Сонымен бірге Палата заңгерлерімен
«қорғаушылық» қызмет, құжаттар әзірлеу, барлығы да тегін көрсетілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз