Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкердің құқын қорғап қалды

55

0

Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкердің құқын қорғап қалдыҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы аймақтағы кәсіпкерлерді құқықтық қорғап, заңгерлік қолдау көрсетуде.

Мәселен, өткен жылы Кәсіпкерлер палатасына 152 өтініш түсіп, оның 119-ы немесе 78 пайызы оң шешілсе, биылдың өзінде түскен 18 өтініш бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сұраныстар жолданып, қаралуда.

Кәсіпкерлерден түсетін өтініштердің басым бөлігі жер, мемлекеттік сатып алу, рұқсат беру рәсімдері мен салық мәселелеріне қатысты.

Биылғы жылдың өзінде Кәсіпкерлер палатасының ықпалымен құқығы қорғалған кәсіпкерлердің бірі – Қазалы ауданының кәсіпкері Гүлмира Қирабаева. Өз кәсібін 2013 бастаған ол өткен жылы Қазалы қаласындағы № 16 мектептің ғимаратын жалға алып асхана ашқан. Кәсіпкердің келісімшарт мерзімін ұзарту туралы өтінішін мектеп директоры қанағаттандырмай, ескертусіз орнына өзге адамды алған. Құқығы аяқасты болған Гүлмира Қирабаева Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалына арызданып келген болатын.

Кәсіпкерлер палатасы аудандық прокуратурамен бірге мәселені талқылап, нәтижесінде кәсіпкердің құқығы дер кезінде қорғалып, келісімшарт мерзімі ұзартылды.

Бизнесін жалғастыруға мүмкіндік алған кәсіпкер Гүлмира Қирабаева: «Менің мәселемнің жедел әрі сапалы шешілуіне ықпал еткені үшін Кәсіпкерлер палатасына айтар алғысым шексіз. Өз кәсібін жүргізуде қиындыққа кездесіп жүрген өзім секілді кәсіпкерлерді Кәсіпкерлер палатасынан көмек алуға шақырамын», – деп ағынан жарылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз