Кәсіпкерлер палатасы шаруа қожалығының 178 га жерін сақтап қалды

47

0

Кәсіпкерлер палатасы шаруа қожалығының  178 га жерін сақтап қалдыҚызылордалық
«Атамұра» шаруа қожалығы 41 отбасынының егін егіп, табыс табуына жағдай жасап
отырған кәсіпкерлік нысаны. Алайда өткен жылы кәсіпкер қиындыққа тап болып,
палатадан құқығын қорғауды сұрайды.

Мәселе
мынада. 2015 жылы Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау
басқармасы қожалықты жерді мақсаты бойынша пайдаланбауына байланысты мәжбүрлеп
алып қоюды сұрап сотқа арыз береді.
Аталмыш басқарманың арыз беруіне «Атамұраға» Шиелі ауданы Иіркөл ауылына
қарасты 178 га жерді мақсаты бойынша пайдаланбауына орай заң бұзушылықтарды жою
жөнінде 2014 жылы берілген нұсқамасының орындалмауы себеп болады.

Шаруа қожалығының басшысы Шонанбек Сереке «Мен берген нұсқаманы орындамайын дегенім
жоқ. Екі жылдан бері бұл жерде егін егуді жоспарладым. Бірақ су келмеуіне
байланысты жоспарымды жүзеге асыра алмадым. Негізі біз егіндікке суды «Жаңа
сас» каналы арқылы аламыз. Канал 1995 жылдан бастап тазаланбаған, бүгінде су
өткізу мүмкіндігі жоқ. Қазір осы жерге
су әкелу үшін өз күшімізбен каналды қазу, егістік жерге өсіп кеткен жиде,
жыңғыл, шеңгелдерден тазалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Көктемгі егіс
науқанына дайындыққа кірісіп те кеттік»
, – дейді.

Осы
орайда, Кәсіпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы филиалы қызметкерлері
кәсіпкердің мүддесін білдіру үшін сот прецесіне қатысып, «Жер кодексінің» 92-бабына
сай кәсіпкердің жерді өзіне қалдыруға мүмкіндігі бар екендігін дәлелдеп шықты.

Нәтижесінде
кәсіпкер 178 га жерін, 41 отбасы күнкөрісін сақтап қала алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз