Кәсіпкерлер палатасы «Іскерлік байланыстар» мен «Аға сеньорларға» қатысуға шақыруда

87

0

Кәсіпкерлер палатасы «Іскерлік байланыстар» мен «Аға сеньорларға» қатысуға шақырудаҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Жанат Матерзаева
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай
бағдарламасы аясында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында және
облыстың аудандық орталықтарының Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында 
«Іскерлік байланыстар» құралы мен «Аға сеньорлар» компонентіне құжаттар
қабылдаудың басталғандығын жеткізді.
    «Іскерлік байланыстар» құралы халықаралық және шетелдік ұйымдардың
қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату арқылы
өндірісті модернизациялауға қолдау көрсетуге бағытталған.
    Жоба екі кезеңнен тұрады.
    Бірінші кезеңде еліміздің аумағында оқыту жүргізіледі. Қатысушылар
шетелдік және отандық бизнес-тренерлердің жетекшілігімен өз
кәсіпорындарының дамуының бизнес-жоспарын жасау үшін қажетті дағдылар
мен білім алатын бизнес-тренингтер өтеді.
    Екінші кезең қатысушылар үшін шетелде ақысыз тақырыптық
бизнес-тәжірибе жинақтаушылықтан өтуді көздейді, бұл сонымен қатар
шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату мақсатында да жүзеге
асырылады.
    «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысу үшін қойылатын талап
қатысушы лауазымы басшының орынбасарынан (кәсіпорынның жоғарғы және орта
буыны басшылары) төмен болмауы тиіс.
    Ал «Аға сеньорлар» компоненті қатысушыларға басқарудың жаңа
әдістерін енгізу, өндіріс технологиялары, құрал-жабдықтар мен персоналды
оқыту мәселелері бойынша тікелей өндірісте кеңес беру үшін  нәтижелі
жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті шетел мамандарын тартуға бағытталған
 
    «Басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндіріс технологиялары,
құрал-жабдықтар мен персоналды оқыту мәселелері бойынша жоғары білікті
шетел мамандарын тарту (аға сеньорлар)» компонентін жүзеге асыру
шартттары:
    1. Компонентке Бағдарлама аясында экономиканың басым секторларында
өз қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілері
қатыса алады;
    2. «Аға сеньорлар» компоненті бойынша шетелдік сарапшыларды тарту
бойынша шығындар республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады;
    3. Шетелдік сарапшылардың ұшақпен келу және қызметтеріне ақы төлеу шығындары республикалық бюджет есебінен өтеледі;
    4. Сарапшының Қазақстанда болуымен байланысты шығындарын, атап
айтқанда, жүріп-тұруы, тұрғын үй жалдауы, тәуліктік ақылары, аудармашы
қызметтері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жеке есептерінен
жүзеге асырылады.
    Жанат Матерзаева сұрақтар бойынша Палатаға және облыстың барлық
аудандарында орналасқан Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарына хабарласуға
болатынын жеткізді (анықтама үшін телефон: 40-08-74, 40-02-02,
сall-center – 597960).
    Қызылорда облысының  кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз