Кәсіпкерлер палатасы қызылордалық кәсіпкерді айыппұлдан құтқарып қалды

55

0

Кәсіпкерлер палатасы қызылордалық кәсіпкерді айыппұлдан құтқарып қалдыБұл туралы Кәсіпкерлер
палатасының заңгері Аида Қаюпова айтты.

«Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына жеке кәсіпкер Маукенов
«Қызылорда су жүйесі» МКК-ның салған айыппұлына қатысты шағымданып, заңды
мүддесін қорғауды сұраған болатын»
, – дейді заңгер: – «Кәсіпкердің мәселесін зерттегенімізде
бірнеше заң бұзушылықтың куәсі болдық. Нақтырақ айтқанда, «Қызылорда су жүйесі»
МКК-ны кәсіпкерге кәсіпкердің есептеу құралында, өрт сөндіру гидранттарында
пломба жұлынған деп актілеп, 123180 теңге айыппұл салып кетеді. Бұл
жағдайда, біріншіден, алғашқы пломбылау жүргізілмеуіне байланысты пломбалардың
жұлыну фактісін келтіру негізсіз, екіншіден, сумен жабдықтау саласындағы қызмет
көрсетуші үш айда кемінде бір рет тұтынушылардың есепке алу аспаптарын
бақылайды, сонымен қатар, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне жыл бойына
жоспарлы тексерулер, жоспарлы-ескерту жұмыстарын жүргізуге міндетті. Бұл ретте «Қызылорда
су жүйесі» МКК тарапынан ЖК «А.Маукеновке» қатысты ешқандай тексеру
жүргізілмеген, сондай-ақ, кәсіпкердің 2015 жылы мамырдағы су өлшеуіш торабын
пломбылау туралы өтініші «Қызылорда су жүйесі» МКК-мен бір жыл көлемінде
қараусыз қалдырылып, ол бойынша ешқандай
жұмыстар жасалмаған. Осы жайттарды
ескере келе, орын алған заңсыздыққа қатысты шара қабылдау жөнінде облыстық
прокуратураға ұсыныспен шыққан болатынбыз. Нәтижесінде, прокуратура тарапынан
«Қызылорда су жүйесі» МКК-нің кәсіпкерге қатысты толтырылған актінің күші
жойылып, су өлшеуіш құралына жаңадан пломба салынды және кәсіпкер 123 180 теңге
көлеміндегі айыппұлды төлемейтін болды. Бұл жерде айта кететін мәселе бар,
көбінесе осыған ұқсас мәселелермен шағын кәсіп иелері жиі кездесіп жатады. Осы
ретте, біз кәсіпкерлерден түскен әр мәселені жіті зерттеп, құқықтық кеңестер
береміз немесе мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, сот процестеріне қатысу
арқылы шешу жолдарын қарастырамыз. Ең бастысы – барлық қызметтерді тегін
көрсетеміз».

Жалпы жыл басынан бері
Кәсіпкерлер палатасына бизнес өкілдерінен құқығын қорғау жөнінде 105 өтініш
түсіп, бүгінгі күнге дейін 30 кәсіпкердің заңды құқығы қалпына келтірілді. Кәсіпкерлер
100 млн.теңгеден астам қаржысын сақтап қала алды.

 

Қызылорда облысының

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз