Кәсіпкерлер палатасы қызылордалық кәсіпкерлердің 76 млн теңгеден астам қаржысын сақтап қала алды

84

0

Кәсіпкерлер палатасы қызылордалық кәсіпкерлердің 76 млн теңгеден астам қаржысын сақтап қала алдыБұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Atameken Business Channel телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Палата басшысының айтуынша, жыл басталғалы кәсіпкерлерден Палатаға 102 өтініш келіп түскен. Оның бүгінде 31-і оң шешімін тауып, кәсіпкерлер 76 млн теңгеден астам қаржысын сақтап қала алған. Ал Кәсіпкерлер палатасы құрылғаннан бері Палатаға 630 өтініш түсіпті. Оның 400-ге жуығы оң шешімін тапқан. Нәтижесінде Палата заңгерлері аймақ кәсіпкерлерінің 1 млрд.112 млн.теңгеге жуық қаржысын сақтап қала алған.
 Айта кету керек, келіп түскен өтініштердің басым бөлігін – жер қатынастары мәселелері (31%), мемлекеттік сатып алу (31%) және салық салу (23%) мәселелері құрайды. (Яғни, алкогольдік өнімдерді сату үшін лицензиялық алым мен жалған кәсіпкерлік) .
Бүгінгі күні кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғауды жедел және жүйелі шешуге негізделген Палатаның негізгі диалог алаңы – Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес.
Кеңес құрамы –  кәсіпкерлік субъектілері, БАҚ өкілдері, қорғаушы және заңгерлер, сонымен бірге құқық қорғау саласындағы мемлекеттік орган өкілдерінен жасақталған.
Есепті кезеңде Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі 7 кеңес отырысы өткізіліп, онда Прокуратура органы және Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Департаментімен бірлесе 16 мәселе қаралып, нәтижесінде көтерілген мәселенің 12-сі оң шешімін тапты.
Палата директоры сұхбат барысында оң шешімін тапқан мәселелердің бірқатар маңыздыларын да атап өтті. Олар:
– 10 млн теңге көлеміндегі жер учаскесінің кадастрлық құнын бөлiп-бөлiп төлеуге қол жеткізілді;
– Электр энергиясына тарифтерді көтеру туралы бұйрық күші жойылып, 10-нан астам кәсіпкердің тұтыну көлеміне қарай шығындары сараланып, тиісінше қайта есептеу жүргізілді;
– 10 мейрамхана иелері үшін автотұрақ салу талабы  1 жылға кейінге шегерілді;
– Мемлекеттік органдар тарапынан негізсіз тексерулер тоқтатылып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 1 млн. 500,0 теңге көлемінде демеуқаржы төленді;
– «КазТранс Газ Аймақ» АҚ ҚӨФ тарапынан туындаған жосықсыз бәсеке жойылып,  газбен жабдықтаумен айналысатын 10-нан астам  жобалау және құрылыс-монтаждау саласындағы кәсіпкерлердің құқықтары қорғалып, қалпына келтірілді;
– Сотта лицензиялық алым бойынша 9 кәсіпкердің құқықтары қорғалып,               2 млн. 435 мың теңге қайта өндірілді.
«Кәсіпкерлер палатасының барлық жұмысы – әртүрлі кеңестер мен мемлекеттік қызметтер және лицензиялау рәсімдерін алуда кәсіпкерлерге «Бір терезе» қағидатымен қызмет көрсету үшін жағдай жасауға негізделген. Бұған Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында шағын және орта бизнес қызметінің барлық мәселелерінде құқықтық көмек көрсететін және кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласу фактілері бойынша кәсіпкерлерді кестеге сәйкес қабылдайтын «Прокурор кабинетінің» ашылуы дәлел», – деген Ғалымбек Жақсылықов 8 айда прокурорлардың қабылдауында 70 кәсіпкер болып, құқықтық кеңес алғандығын жеткізді.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз