Кәсіпкерлер палатасында мектепке дейінгі ұйымдардың мәселелері талқыланды

48

0

Кәсіпкерлер палатасында мектепке дейінгі ұйымдардың мәселелері талқыландыҚызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында жекеменшік мектепке ұйымдарның мәселелері талқыланды. Шараға балабақша құрылтайшылары мен меңгерушілері, прокуратура өкілдері, қалалық білім бөлімінің басшысы мен облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшылығы қатысты.
Ең алдымен дөңгелек үстелді ашып, жүргізген Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов: «Қазіргі таңда Палатаға жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың құрылтайшыларынан мемлекеттік органдар тарапынан тексерулер көбейгендігі туралы мәліметтер мен арыздар түсуде. Бұл мәселе жүйелі түрде қалыптасуына байланысты және мән-жайды анықтау мақсатында Палата тарапынан дөңгелек үстелді өткізіп отырмыз», – деді. Нақтырақ айтқанда, талқылауды ұйымдастыруға білім саласында кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардан түскен арыз себепші болып отыр.
Арызда мемлекеттік аудит, қалалық білім бөлімі тарапынан жүргізілген тексерулерден кейін мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама жеткіліксіз деген желеумен айыппұлдар салынып жатқандығы, 6 жасқа толып кеткен балаларға төленген мемлекеттік тапсырысты қайта алу шарасы жүргізілуде екендігі, мемлекеттік аудит қызметкерлері тарапынан заңдық күші жоқ хабарламалар талап етіліп жатқандығы айтылған.
Дөңгелек үстел барысында «Нұр Бөбек Орда» балабақшасының құрылтайшысы Гаухар Саулебаева балабақшаның 2015 жылдан бері мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс жасап келе жатқандығын, балабақша 70 орындық екендігін айта келе, осы жылдың мамыр айында ішкі аудит маманының шақыртып, себебін түсіндірмей, ресми құжат ұсынбай, бюджетке 3 млн.600 мың теңге қайтару туралы ауызша айтқандығын жеткізді. Кәсіпкердің айтуынша, қазіргі таңда осы мәселе бойынша акт дайындалып, қол қоюын талап етіп отыр екен. Осы жайттарды ескере келе, прокуратура өкілдері аталмыш мәселелердің жіті зерттелетіндігін жеткізді. Мұнан өзге, отырыста кәсіпкерлермен көтерілген және бір мәселе уәкілетті орган тарапынан 6 жасқа толып кеткен балаларға мемлекеттік тапсырысты төйлеуден бас тартып отырғандығы немесе төленген мемлекеттік тапсырысты қайтару туралы талап қойылып отырғандығы болды.
Бұл қадамға қалалық білім бөлімі қолданыстан шығып қалған нормативтік-құқықтық акті негізінде барғандығы белгілі болып, отырыс барысында заң бойынша мұндай шектеу қоюға негіз жоқ екендігі айтылды. Айта кету керек, Қызылорда қалалық білім бөлімінің мәліметі бойынша қаладағы мектепке дейiнгi балалар ұйымдарының саны 264. Оның ішінде  206-сы жекеменшік балабақша, 32-сі жекеменшік шағын орталық.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз