Кәсіпкерлер палатасының аудандарда өкілдігі ашылды

44

0

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы өз филиалдарын Сырдария және Жалағаш аудандарында салтанатты түрде ашып, аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының  тұсаукесерін өткізді.
Палата филиалдарының негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарына кәсіп ашуға және оны дамытуға қолайлы жағдай жасау болып табылады. Филиал қызметкерлері ауыл кәсіпкерлерін қаржылай емес көмекпен қамтамасыз етеді, оның ішінде сервистік қолдау, консалтингтік қызметтер, оқытуды ұйымдастыру, құқықтық көмек және жобаларды сүйемелдеу. 
Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарының негізінде «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалымен бірігіп ашылған Орталықтың кеңесшілері өз кәсібін бастаймын деген және ісін жүргізіп келетін кәсіпкерлерге сервистік қолдау көрсетпек.  
Палата филиалдарынының және «Даму» қорының сарапшылары мемлекеттік бағдарламалар бойынша қолдау, бизнесті ашу мен оны дамыту жайында кеңес бере отырып, бизнес-жоспар жасауға көмек көрсетеді, сондай-ақ «Бизнес-Кеңесші» жобасына тіркеу жүргізіп, несие пайызын субсидиялау мен кепілдік алуға мемлекет тарапынан беретін көмектерге құжат жинауға да жәрдемдесетін болады. 
«Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының «Даму» қорымен бірігіп бар күш-жігерін бірінші кезекте өңдеу өнеркәсіп саласындағы шағын кәсіпорындарды құру әрі дамытуға, оның ішінде аграрлық өнімдерді қайта өңдеу саласына, ауыл халқы үшін қызметтердің басқа да түрлерін дамытуға аса мән бермек. Нәтижесінде – тұрақты жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілері санының артуы, аудан тұрғындарының іскерлік белсенділігі мен жұмыс бастылығының өсімдері болып табылады» деп хабарлайды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз