Кәсіпкерлер палатасының көмегімен «Насихат» жеңіске жетті

45

0

Кәсіпкерлер палатасының көмегімен «Насихат» жеңіске жетті Өздеріңіз де білесіздер, өткен жылы қызылордалық кәсіпкер,
«Насихат» ЖШС-ның директоры Райкүл Кемалова облыстық кәсіпкерлер палатасына
шағымданып келген болатын.

Кәсіпкер кездескен қиындықты
қысқаша айтсақ – мынада. 2015 жылдың 9 ақпанында Қызылорда қаласында орналасқан
«Насихат» кітап дүкенінен Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасының
қызметкерлері діни әдебиетті және діни мазмұндағы материалдарды әкелуге және
таратуға белгіленген талаптар бұзылды деген айыппен Владимир Соловьевтің
«Евангелие от Соловьева» және «Апокалипсис от Владимира» атты екі дана кітабы
тәркіленіп, әкімішілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған. Нәтижесінде
сот Райкүл Кемалованы кінәлі деп тауып, оған 99100 теңге айыппұл салып,
қызметін үш ай мерзімге тоқтату туралы шешім шығарады.

Мұнан кейін Қызылорда қаласының
ішкі істер басқармасының қызметкерлері мамыр айының соңында аталмыш дүкеннен
тағы да 6 дана кітапты
тәркілейді. Бұл мәселеге қатысты сот әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы
болмауына байланысты деп Кемалованы әкімшілік жауаптылықтан босатты.

Кәсіпкердің екі мәселесімен де
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының заңгерлері айналысып, сотта
кәсіпкердің мүддесін білдіріп қатысты.Нәтижесінде бірінші сот процесі бойынша арызды қайта қарау жөнінде арыз
беріліп, кәсіпкерге бірінші іс бойынша шыққан әкімшілік соттың қаулысының күші
жойылды. Райкұл Кемаловаға қатысты
әкімшілік іс тоқтатылып, ол әкімшілік жауаптылықтан босатылды.

Бұл мәселеге қатысты кәсіпкердің
өзі: «Басыма іс түкенде бірінші кезекте
қорғаушының қызметіне жүгінуге тура келді. Бірақ қорғаушының маған айтарлықтай
көмегі болған жоқ. Сол үшін Кәсіпкерлер палатасының келіп, құықығымды қорғауды
сұрадым. Палатаның заңгерлері 4 сот процесіне қатысып, маған моральдық әрі
заңгерлік қолдау көрсетті. Мен енді жүрген жерімде бизнес өкілдеріне «Кәсіпкерлер
палатасына хабарласыңыздар, тіпті қаржысы төленген заңгерлердің өзі Палатаның
заңгерлерінде көмек көрсете алмайды. Оны өз тәжірибемнен білемін», – деп айтып
жүрмін. Ең бастысы қызметтерінің барлығы тегін»
, – дейді.

Қызылорда облысының

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз