Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері өңірдегі инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізуде

43

0

Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері өңірдегі инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізудеҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері аймақтың елді
мекендерін аралауда. Сапардың мақсаты – кәсіпкерлердің жағдайымен
танысу, өзекті мәселелерін анықтау және шешу жолдарын қарастыру.

Сондай-ақ,
сапар барысында инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізілуде, деп
хабарлады облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, Палата қызметкерлері Қармақшы
ауданында кондитерлік цехты жаңалауға арналған жобамен (ТОО «Салтанат»),
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойында «В» санатындағы жол
бойы сервисінің нысанын ұйымдастыру жобасымен (жеке кәсіпкер
«Бертілеуова»), құрылыс құмын өндіру жобасымен («АНК-Дәулет» ЖШС)
танысса, Арал ауданында техникалық және ас тұзын өндіруге арналған
кәсіпорында («Аралтұз» АҚ), балық өндіру зауытында болып («Арал балық
өңдеу зауыты» ЖШС), «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойында «В»
санатындағы жол бойы сервисінің нысанын ұйымдастыру жобасын көрді (жеке
кәсіпкер «Жандәулетова»). Ал Қазалы ауданында балық өндіру зауытының
жай-күйімен танысып («СПК» Қызылорда балық» ЖШС), мал бордақылау алаңын
салу жобасын («Сыр маржаны» ЖШС) көрді.

Мұндай жұмыстар облыстың өзге де аудандары: Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған, Шиелі аудандарында жалғасты.

Кәсіпкерлер палатасынан құрылған жұмыс тобы елді
мекендерге сапар барысында «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы
арқылы жүзеге асырылып жатқан жобаларды да көрді. Айта кету керек,
қазірдің өзінде аталмыш Орталықпен жалпы құны 30 млн.833 мың теңге
болатын 6 жоба қаржыландырылып, жұмыс жасауда. 23 жаңа
жұмыс орны ашылды.

Мұнан өзге, Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері
кәсіпкерлерге Палатамен әр түрлі деңгейдегі жобаларды жүзеге асыру
барысында кеңестер беріліп, жобаны жүзеге асыру механизмі, қаржы
көздерін тарту, бизнес-жобаларды әзірлеу, рұқсатнама құжаттарын алуда
көмек көрсету, т.б. бойынша тегін қызметтер көрсетілетіндігі туралы
мағлұматтар берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз