
Үндеуде былай деп жазылған: «Күз-көктем мезгілдерінде тазалық акциясын жариялау – жылдағы қалыптасқан дәстүрге айналды.Биылғы жылы да Қызылорда қаласын санитарлық тазарту, көркейту – көгалдандыру мақсатында 15 наурыз – 17 мамыр аралығы тазалық айлығы болып жарияланды. Сондықтан наурыз айынан қала аумағында, еңбек ұжымдарында аулаларды, көшелерді, саябақтарды, алаңдарды, гүлзарларды тазалау жұмыстары, күтіп-баптау, ағаштар отырғызу шаралары ұйымдастырылып, жаңа саябақтар мен гүлбақтар жасалуда. Бұл шараны Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының шаңырағына біріккен кәсіпкерлер де қолдайды».