Кәсіпкерлер құқын қорғау жөніндегі кеңес отырысы өтті

61

0

Кәсіпкерлер құқын қорғау жөніндегі кеңес отырысы өттіҚР ҰКП Басқарма төрағасы орынбасары Нұржан Әлтаевтың қатысуымен Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқын қорғау жөніндегі кеңес отырысы өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Қожанизяов қатысты.
Өңір кәсіпкерлерінен түскен арыз-шағымның басым бөлігі кәсіпкерлерге жер учаскелерін бөлуде шенеуніктердің немкетті әрекеті мен қағазбастылыққа қатысты. Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімі меңгерушісінің қызметін Мырзахмет Дуйсебаев атқарады. Аталған мәселеге орай, кәсіпкерлер құқын қорғау жөніндегі өңірлік кеңестің мүшелері мәселені облыстық тәртіптік кеңес отырыснда қарауды ұсынды. 
«Кеден – Service» ЖШС 350 млн. теңге көлемінде салық пен төлем өндірмекші болған өңірдегі кедендік орган лауазымды тұлғаларына әлі де болса тәртіптік жаза тағайындалмаған. Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаменті пост-кедендік бақылау басқармасының басшысы – Қараман Жұмағұлов. Аталған мәселелер бойынша да мәселені Тәртіптік кеңесте талқылау ұсынылды. 
Өңір кәсіпкерлерін толғандыратын аса өзекті мәселелердің бірі – электр энергиясы үшін алдын-ала төлем жасауға қатысты. Атап өткен жөн, бұл мәселе өңірлік және республикалық деңгейде бірнеше мәрте талқыланған болатын. Бизнес субьектілер электр энергиясы үшін алдын-ала төлем жүргізбесе, монополист мекемелер қызмет көрсетуден бас тартып, энергия қуатынан ажыратып тастаған. «Энергосервис» ЖШС шағымы бойынша көтерілген мәселеге орай, монополияға қарсы инспекциямен бірлесіп, тексеру жүргізу туралы ұсыныс жасалды.
Кеңес отырысында сондай-ақ, қаланың орталық көшелеріндегі жол белгілерін орнатуға қатысты мәселер талқы көрді. Бұл мәселеге қатысты Қызылорда қалалық коммуналды шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі МарсбекМолдабаевқа қатаң сөгіс жарияланған.
Қазалы ауданында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік гранттарды бөлу кеезінде кәсіпкерлер құқы аяқасты етіліп, заңдық құқы бұзылған. Прокуратура қызметкерлерінің тексеру жүргізуіне Өңірлік кәсіпкерлер палатасына бизнесмендер келіп түскен арыз шағымдар түрткі болған. Аталған тексеру нәтижесі бойынша Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы Тельман Сулейменовпен «Бизнестің жол картасы -2020» даму бөлімінің басшысыАзамат Досжановқатәртіптік жаза қолданылған. Сондай-ақ, қоғамдық мониторинг жүргізу туралы шешім жасалды.
Кәсіпкерлер құқық қорғау жөніндегі Кеңес отырысына қатысушылар бизнесмендердің құқы мен мүддесіне қайшы әрекеттер алдағы уақытта орын алмауына үмітті екендіктерін жеткізді. Егер, кәсіпкерлікке кереғар келер әрекеттер орын алған жағдайда бизнесмендерді Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінге шақырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз