Кәсіпкерлерді неселендіру мәселесі талқыланды

55

0

Бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен «Екінші деңгейлі банктер мен «Даму» кәсіпкерлікті
дамыту қоры» АҚ-ның шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеуге қатысуы»
тақырыбында кәсіпкерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда облыста екінші деңгейлі 12 банк жұмыс
жасайды. Осы жылдың 8 айында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 12,8
млрд. теңге несие берілген.

– Мемлекет бар мүмкіндікті жасап отыр. Бірақ
соны екінші деңгейлі банктер тиімді пайдаланып отырған жоқ. Қарапайым жұрт
кәсіппен айналысқысы келеді. Алайда банктер қойып отырған талаптары оған
мүмкіндік бермей отыр. Аймағымыз шағын және орта кәсіпкерлерге несие беруден
республикада соңғы орында. Жұмыс нәтижесін осыдан-ақ аңғаруға болады,
– деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы
Тельман Сүлейменов те банктердің талаптарын жеңілдету жолдарын қарастыру
қажеттігін айтты.

Қаржы ұйымдарының
кепілдікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптары әлі күнге дейін жоғары.
Мәселелен, кепілдікке қойылған мүлікті 2,5 – 3,5 есеге дейін несие соммасын
төмен бағалайды. Аудан орталықтарында, оның арғы жағындағы ауылдық округтердегі
жылжымайтын мүліктерді тіпті кепілдікке де алмайды. Бұл біздің банкттердің
несие саясатына араласқандығымыз емес, бірақ олардың кәсіпкерлікті дамытуға
ынта танытпай отырғандығының көрінісі
, – деді басқарма басшысы.

Басқосуға жиналғандар қызылордалықтардың кәсіппен
айналысуға қызығушылықтары басым екендіктерін айтты. «Даму» кәсіпкерлік дамыту
қорының мамандары бизнес жобаны жасауды
үйренушілердің қатары артып отырғандығын жеткізді. Тек барлығына кедергі
банктердің талабының жоғары екендігі.

Қазір барлық
банктің өкілдері отыр. Несие шарттарын халықтың жағдайына қарай ыңғайлаңыздар.
Ол өздеріңіз үшінде тиімді. Мемлекет қаржы беріп отыр. Оны жергілікті билікпен
тығыз байланыста жарат білген банктермен ғана болашақта жұмыс жасаймыз. Осы
естеріңізде болсын
, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз